Ержан Мырзабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: t.me/KZgovernment Фото: t.me/KZgovernment

Ержан Мырзабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ержан Мырзабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев 1969 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Армия генералы А.В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында бастаған.

1995-1996 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бюджеттік-қаржы басқармасы Қаржы инспекциясының инспектор-ревизоры болып жұмыс істеген.

1999-2000 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаменті Ревизионды-бақылау басқарма басшысының орынбасары-қаржы бөлімінің бастығы, Ревизионды-бақылау басқармасының басшысы болды.

2000-2002 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігі Бас қаржы инспекциясының бастығы.

2002-2006 жылдары - ҚР Республикалық Ұланның ревизиондық-бақылау қызметінің бастығы, әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары - Қаржы-экономикалық басқармасының бастығы.

2007-2009 жылдары - "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Активтерді басқару және  бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры-басқарушы директоры. 

2009-2010 жылдары - "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры.

Әр жылдары Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer