Ерлан Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қожағапанов Ерлан Қожағапанов Ерлан

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Премьер-министрдің өкімі бойынша Ерлан Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ерлан Қожағапановтың мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Ол биыл 26 сәуірде Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалған еді.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін,1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі - заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген. 2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР премьер-министрі кеңесшісінің м. а., кеңесшісі қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары - ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.

2020 жылғы тамыз айынан бастап 2021 жылдың 26 сәуіріне дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer