Иран Шархан индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран Шархан индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды

Иран Шархан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран Шархан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Иран Шарханұлы Шархан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Иран Шарханұлы Шархан 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы маркетинг бойынша маман болып бастаған.

2009-2013 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқық департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасы сарапшысының м.а., сарапшысы, Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы.

2013-2014 - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2014-2015 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары.

2015-2016 жылдары - ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2016-2019 жылдары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.

2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.

2020-2021 жылдары - Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы. 

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети