Жаңа денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды Фото: t.me/KZgovernment

Ержан Нұрлыбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Нұрлыбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша, Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Нұрлыбаев 1975 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған.

2004-2006 жылдары аталған медициналық мекеме директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары Қарағанды облысының бас хирургі болып қызмет істеді, Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығын басқарды.

2014-2021 жылдары — Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2021 жылдан бастап "ҚМУ" КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазіргі уақытқа дейін Облыстық клиникалық аурухананың (Қарағанды) директоры болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети