Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды Фото:instagram.com/akimatzhez

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлытау облысы әкімінің өкімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Жезқазған қаласының әкімі қызметіне Қайрат Шайжанов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қайрат Шайжанов 1977 жылы 22 Шілдеде Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген.

2009 жылдан 2013 жылға дейін Сәтпаев әкімінің орынбасары болған.

2015 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети