Қанат Баитов Индустриалды даму комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Баитов Индустриалды даму комитетінің төрағасы қызметінен босатылды primeminister.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Баитов индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Баитов индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Баитов 1968 жылы Павлодар облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген. 

Әр жылдары тау-кен және қаржы салаларында жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары - металлургия және химия өнеркәсібі басқармасының басшысы, 2010-2011 жылдары тау-кен өндірісі өнеркәсібі басқармасын басқарды, 2011-2014 жылдары - Индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы болды.

2014–2019 жылдары - Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы ақпан айынан бастап ҚР ИИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы мамыр айында ҚР ИИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети