11 тамыз 2022 | 14:30

Қайрат Нұртаев пен Жасұлан Бисембиев Атырау облысы әкімінің орынбасары болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа орынбасарларын таныстырды.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұртаев Қайрат Талапұлы Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Бисембиев Жасұлан Орақұлы Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қайрат Нұртаев Атырау мұнай және газ институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Атырау облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маман, 2005-2007 жылдары аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2008 жылдан бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болған.

2010 жылдан 2017 жылға дейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының орынбасары, 2017-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2019 - 2021 жылдары Құрманғазы ауданының әкімі болған. 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін "БатысАльянсстрой" ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

Атырау облысы әкімінің тағы бір орынбасары Жасұлан Бисембиев болды.

Жасұлан Бисенбиев бұған дейін "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Жасұлан Бисембиев Атырау политехникалық колледжін "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің әлеуметтану магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы "Жасыл ел" Атырау филиалында бастаған. "Тарлан-Атырау" ҚБ төрағасы, "Атырау Ақпарат" МКК төраға көмекшісі, 2013 жылы "Атырау қаласы жастар ресурсы орталығын" басқарған. 2016 жылдың мамырда жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары, 2017 жылы осы басқарманың басшысы қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшы болды. 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - "Gate Insaat Taah.San.Tic.A.S." компаниясының менеджері. 2021 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети