Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Қайырхан Тұтқышбаев ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайырхан Тұтқышбаев ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы "Орталық Азия тау-кен одағы" ҚБ-да бастаған.

2011–2014 жылдары - "Degdar Engineering" ЖШС тау-кен жұмысын және тау-кен жабдығын жобалау бөлімінің инженері.

Әр жылдары Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директоры қызметін атқарды.

2022–2023 жылдары - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2023–2023 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2023–2024 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2024 жылы - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлау және дамыту жөніндегі басқарушы директоры.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Graphite minerals" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети