12 тамыз 2020 | 16:31

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясында" тағайындаулар болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылғы 30 шілдеде "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның қосылуына байланысты "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ (бұдан әрі – "Компания") директорлар кеңесі басқармасының жаңа мүшелері туралы шешім қабылдады. Директорлар кеңесінің шешімімен Өсербаев Асқарбек Әнуарбекұлы, Күздібаев Алтай Шоқанұлы және Сағымқұлова Белла Дон-Ировна Басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Өсербаев Асқарбек Әнуарбекұлы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Еуразиялық нарық институтын бітірген. Әр жылдары "Астана Моторс" ҚМК бас директоры, "Халық Банк" АҚ басқарушы директоры, "Меркурий" ЖШС бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-да Аскарбек Ануарбекович құрылысқа және жылжымайтын мүлікті басқаруға байланысты бағытты басқарады.

Күздібаев Алтай Шоқанұлы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Менеджмент магистрі және экономика бакалавры дәрежесі бар. "Қазақстан Халық банкі" АҚ бас маманы, "Бірінші несиелік бюро" ЖШС қаржылық жоспарлау бөлімінің басшысы, "Мемлекеттік несиелік бюро" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары – мүшесі қызметін атқарды. Компанияда Алтай Шоканович стратегиялық бағытқа жетекшілік ететін болады.

Сағымқұлова Белла Дон-Ировна экономист-қаржыгер мамандығы бойынша Абай  атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде, мемлекеттік және жеке компанияларда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-да жұмыс істей бастады, онда жетекші маман, бөлім басшысы, бас бухгалтер және басқарушы директор қызметтерін атқарды. Басқарма төрағасының орынбасары ретінде Белла Дон-Ировна қаржыландыру мен бухгалтерлік есепке байланысты бағытты басқарады.

Сондай-ақ, компания басқармасы төрағасының орынбасарлары ретінде өз өкілеттіктерін Жүсіпов Мәжит Ғалымжанұлы және Диқанбаева Әсел Маратқызы жалғастырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети