Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы тағайындалды Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети