Қазақстанның бұрынғы бас санитар дәрігері жаңа қызметке келді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бұрынғы бас санитар дәрігері жаңа қызметке келді Айжан Есмагамбетова. Фото:gov.kz

Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік жұмыс бойынша) болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін "Санитария, гигиена және эпидемиология", 2005 жылы "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" және 2008 жылы Almaty Management University-ін "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасының фельдшер-зертханашысы болып бастаған.

Әр жылдары Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының эпидемиолог-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде жетекші маман, бас маман, сарапшы, басқарма басшы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, дәрігері, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім басшысы болып еңбек еткен.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменттерінің директоры, сондай-ақ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болды.

2024 жылғы шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети