Кеше 15:01

Қазақстанның Мажарстандағы бұрынғы елшісі Алматыда жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жәнібек Әбдірашов. Фото СІМ баспасөз қызметі Фото: Жәнібек Әбдірашов. Фото СІМ баспасөз қызметі

Жәнібек Әбдрашов СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ мәліметіне сілтеме жасап.


Жәнібек Әбдрашов СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы бойынша, Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жәнібек Абдрашов 1977 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын ҚР СІМ Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің юрисконсульты лауазымынан бастаған.

2004-2006 жылдары Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

2006-2010 жылдар аралығында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы болып жұмыс істеген.

2010 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, содан кейін 2014 жылы Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы болып тағайындалды.

2017-2019 жылдары – Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулы. Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі болды. I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Ағылшын тілін меңгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети