Қазақстанның үш облысында сот төрағалары ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үш облысында сот төрағалары ауысты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Павлодар, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып Азат Ізбасаров, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болып Мақсұт Текетаев, Павлодар облыстық сотының төрағасы болып Серік Төлегенов тағайындалды.

"Олардың алдына соттарда сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру - бірінші кезектегі міндет ретінде қойылды", - делінген хабарламада.

Азат Ізбасаров 1978 жылы Алматы облысы Текелі ауылында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

1999-2009 жылдары - Алматы және Алматы облысы ІІД-нің тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған;

2009-2018 жылдары - Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

2018-2021 жылдары - Маңғыстау облыстық сотының судьясы;

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Мақсұт Текетаев 1970 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.

2003 жылы Д.Қонаев атындағы университеттің заң факультетін (Алматы) бітірген.

2001-2007 жылдары - Алматыда сот орындаушысы, аға сот орындаушысы қызметтерін атқарған;

2007-2022 жылдары - судья, Талғар аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Серік Төлегенов 1968 жылы Алматы облысы Айдарлы ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

1990-2003 жылдары - сот хатшысы, сот приставы, Жоғарғы Сот аппаратының консультанты;

2003-2007 жылдары - Астанада Алматы аудандық сотының судьясы;

2007-2022 жылдары - Ақтөбе қалалық сотының төрағасы, Алматы қаласы Алмалы ауданының No2 аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети