"Қазтелерадио" АҚ жаңа басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазтелерадио" АҚ жаңа басшысы тағайындалды Фото: gov.kz

Мирболат Аюпов "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мирболат Аюпов "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы бойынша Мирболат Маратұлы Аюпов "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мирболат Хайратұлы Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген.

1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметтер атқарды.

1998 жылдары "Алтел" АҚ және "Қазақтелеком" АҚ компанияларында басшылық қызмет атқарған. Әр жылдары "Транстелеком" АҚ, "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС-ін басқарған. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында 20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді.

"Құрмет" орденінің, Қазақстан Республикасындағы басқа да бірқатар медальдар иегері, "Құрметті байланысшы" деген атағы бар.

Ведомство мәліметінше, "Қазтелерадио" АҚ басты мақсаты – халыққа телерадио хабарларын таратудың түрлі желілерінде мемлекеттік бағдарламаларды тегін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

"Бұл ретте бірінші кезектегі міндеттер цифрлық эфир телехабарын таратуды енгізу, жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісін, мемлекеттік хабар тарату желілерін дамыту, интернет-хабар таратуды кеңейту және мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуді қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети