Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды Кеген Турсынбаев. Фото: Primeminister.kz

Кеген Тұрсынбаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеген Тұрсынбаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкіметінің баспасөз қызметі хабарламасында.

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен.

2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021-2022 жылдары — ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы.

2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети