Қостанай облысының прокуроры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының прокуроры тағайындалды Берік Әбілов

Берік Әбілов Қостанай облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Әбілов Қостанай облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қостанай облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Берік Рақатұлы Әбілов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Берік Әбілов 1971 жылы Талдықорған облысының Жаркент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған прокуратурасында бастаған. Алматы прокуратурасының тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Бас прокуратураның басқарма бастығы, қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары болды. Қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети