ҚТЖ жаңа топ-менеджмент құрылымын бекітті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ жаңа топ-менеджмент құрылымын бекітті Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы орталық аппарат құрылымындағы өзгеріс туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы орталық аппарат құрылымындағы өзгеріс туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа құрылым мынадай:

  • Қанат Әлмағамбетов басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды;
  • Әнуар Ахметжанов басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды;
  • қаржы жөніндегі басқарушы директордың м.а. - Даир Көшеров;
  • логистика жөніндегі басқарушы директордың м.а. - Ерлан Қойшыбаев;
  • жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың м.а. - Ерсайын Нағаспаев;
  • өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың м.а. - Бауыржан Орынбасаров;
  • аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.

ҚТЖ – "Самұрық-Қазына" қорының портфельдік компаниясы.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен бизнес өкілдерімен кездесуде "Самұрық-Қазына" қорының мемлекеттік сатып алуларына ерекше назар аударуды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети