Қуат Қахарманұлы Борашев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы болды, - деп хабарлайды primeminister.kz.
Қуат Қахарманұлы Борашев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы болды, - деп хабарлайды primeminister.kz.
"Мәдениет және спорт министрі бұйрығымен Қуат Қахарманұлы Борашев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Қуат Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша журналист.
Еңбек жолын 1993 жылы "Қазақстан" мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған. 1994 жылғы мамыр-қазан аралығында "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" республикалық корпорациясының репортеры болды.
1994-1995 жылдары орта мектеп мұғалімі болды. 1995-1997 жылдары - "Райхан-ТВ" телекомпаниясының дикторы. 1997 жылғы шілде-қыркүйекте "Тараз-ТВ" қалалық телеарнасының редакторы, 1997-2000 жылдары "Ақнұр" және "Азан" топтарының редакторы, жетекшісі, "Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы" ЖАҚ комментаторы болған.
2000-2003 жылдары - "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ бас маманы. 2003-2005 жылдары - "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің тілшісі. 2005 жылғы ақпан-маусым аралығында - "ҚР Президентінің ТРК" ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі. 2005-2006 жылдары - "Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК" ҰАҚ бөлім меңгерушісі.
2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында - ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары - "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің шолушысы. 2007-2012 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
2012-2013 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары. 2013-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2017-2019 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы болды.
2019 жылғы наурыздан бастап қазірге дейін Мемлекеттік хатшы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!