27 сәуір 2021 | 13:05

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Қарағойшин. Фото: gov.kz Тимур Қарағойшин. Фото: gov.kz

Тимур Қарағойшин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тимур Қарағойшин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік сайтына сілтеме жасап.

Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша (1985 жыл), сондай-ақ технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін "заңгер-сарапшы" мамандығы бойынша (2004 жыл) бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы ПМК-5 учаскесінің шебері, кейін прорабы болып бастаған. "Оралавтодор" бас маманы, директордың орынбасары, БҚО бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасының директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, "SUPER-ACCORD ASTANA" ЖШС бас директоры болып жұмыс істеген.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ астаналық бөлімшесінде жобалау және күрделі құрылыс дирекциясын, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментін, Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасын басқарған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" бас директоры болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети