Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды Фото:gov.kz

Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 37 жастағы Мақсат Саматұлы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды", - делінген хабарламада.

Мақсат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық", Астана энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде жұмыс істеген.

2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда, оның ішінде 2019 жылдан 2022 жылға дейін – Алматы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен. Соңғы 8 айда Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети