27 сәуір 2022 | 16:23

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ontustik.gov.kz

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. 

Реклама
Реклама

Еңбек өтілін 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінде зерттеуші-тағылымгер ретінде бастаған. 

2003-2016 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің аспиранты, жауапты хатшы, бас редактор, "Диалог" Еуразия-Қазақстан" журналының бас координаторы, Қазақстан Жазушылар одағының "Қаламгер" журналының бас координаторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

Мәлік Отарбаев 2018 жылы қарашада Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная