20 қараша 2018 13:51

Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәлік Отарбаев. © ontustik.gov.kz Мәлік Отарбаев. © ontustik.gov.kz

Мәлік Отарбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәлік Отарбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылдың сәуірінен бастап ол Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің үшінші жауапты хатшысы қызметінде болған. 

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. 

Еңбек өтілін 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтты университетінде халықаралық қатынастар факультетінде зерттеуші-тағылымгер ретінде бастаған. 

2003-2016 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің аспиранты, жауапты хатшы, бас редактор, "Диалог" Еуразия-Қазақстан" журналының бас кординаторы, Қазақстан жазушылар одағының "Қаламгер" журналының бас кординаторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети