Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды Алик Айдарбаев. Фото: kmg.kz

Алик Айдарбаев "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Бұл ақпаратты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алик Айдарбаев "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Бұл ақпаратты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алик Серікұлы Айдарбаев 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысы Александровка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1985 жылы "Жетібаймұнайда" оператор, технолог, содан кейін мұнай және газ өндіру бойынша шебер лауазымдарында бастаған.

Әр жылдары Айдарбаев "Оңтүстікқазмұнайгаз" МАҚ, "Құмкөл-ЛУКОЙЛ", "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да басшылық лауазымдарды иеленді. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап 2013 жылға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ бас директоры болды.

2013 жылы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылы ол инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр, ал 2018 жылы "Самұрық-Қазына" қоры төрағасының орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети