Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай үш орынбасарын тағайындады. Олар Ербол Ізбергенов, Аббат Өрісбаев және Тілеген Әбішев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай үш орынбасарын тағайындады. Олар Ербол Ізбергенов, Аббат Өрісбаев және Тілеген Әбішев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, 3 маусымда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне жаңа орынбасары Аббат Өрісбаевты таныстырды.
Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев 1981 жылы туған, білімі жоғары, 2002 жылы Халықаралық еңбек академиясын "қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. Ол әр жылдары "Тұран Әлем Банкі" АҚ, "Темiрбанк" АҚ, "Альянс Банк" АҚ түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2015 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін "ForteBank" АҚ Ақтау қаласы филиалының директоры қызметін атқарып келді.
VI, VII сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатынын депутаты, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Ербол Ізбергенов тағайындалды.
Ербол Күрентайұлы Ізбергенов 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-құрылысшы. "Іскерлік басқару" магистрі. Еңбек жолын 1991 жылы "Маңғыстаумұнайгазбарлау" кешенді экспедициясы құрылыс-жинақтау учаскесінің тас қалаушысы қызметінен бастаған. Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінде басқарма басшысы болып еңбек еткен. 2019-2020 жылдары "Ақтау теңіз порты" Арнайы экономикалық аймақ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін "Атамекен" республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды. 2020-2023 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды.
Облыс әкімінің тағы бір орынбасары Тілеген Әбішев болды.
Тілеген Ақанұлы Әбішев 1977 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тележурналистика мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Іскерлік басқару магистрі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!