Марат Бәшімов Антикор қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Бәшімов Антикор қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды Видео кадры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесіне жаңа төраға сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесіне жаңа төраға сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы қайта сайланды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов болды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті "Егемен Қазақстан” республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарып, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты өкілетін тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар, Марат Бәшімов - кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети