25 сәуір 2022 16:42

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: МКК баспасөз қызметінен Фото: МКК баспасөз қызметінен

Жаныбек Нұржанов Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаныбек Нұржанов Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығы бойынша Жаныбек Нұржанов Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ұжымға оны Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Әли Алтынбаев таныстырды", - делінген хабарламада.

Нұржанов Жаныбек Мәулітбекұлы еңбек жолын 1989 жылдан бастап, Өскемен қаласы бойынша Салық инспекциясының жеке кәсіпкерлік қызметтерге салық салу бөлімінің салық инспекторы, аға, жетекші салық инспекторы, Мемлекеттік кірістер министрлігі Өндірістік емес төлемдер департаментінің бас маманы, Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қостанай қаласы бойынша Салық басқармасының басшысы, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

2019 жылғы маусымнан бастап - Салық әдіснамасы департаментінің директоры, 2020 жылғы  мамырдан бастап - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры.

2021 жылғы қаңтардан бастап Павлодар облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети