Насымжан Оспанова Оқу-ағарту министрлігі комитетінің төрағасы болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Насымжан Оспанова Оқу-ағарту министрлігі комитетінің төрағасы болды Фото: primeminister.kz

Насымжан Оспанова Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Насымжан Оспанова Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Оқу-ағарту министрінің бұйрығы бойынша, Насымжан Жамбекқызы Оспанова ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Насымжан Оспанова 1969 жылы Алматы облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын, Алматы Менеджмент университетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласының №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған.

1992-1993 жылдары Алматыдағы №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болып жұмыс істеді.

1993-1996 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық училищесі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

1996-2006 жылдары – Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.

2002-2006 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, директоры болып жұмыс істеген.

2006-2008 жылдары – Алматы технология және менеджмент колледжінің директоры.

2008-2016 жылдары Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры қызметін атқарған.

2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарған.

2017 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети