14 ақпан 2022 11:24

Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нуржан Календеров. Фото:gov.kz Нуржан Календеров. Фото:gov.kz

Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Нұржан Календеров 1976 жылы туған, білімі жоғары.

Еңбек жолын 1997 жылы "Арнабол" ЖШС-де есепші болып бастаған. Әр жылдары Тараз қаласындағы зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, қаржы бөлімінде бөлім бастығы, кейін бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы болған.

2011-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан - Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары - Тараз қаласының әкімі, 2017-2019 жылдары - Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары - облыс әкімінің орынбасары.

2020 жылдың маусым айынан бастап Шу ауданының әкімі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети