Олжас Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды Фото: primeminister.kz

Олжас Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Олжас Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.

1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдары - Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлім басшысы.

2016-2020 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети