Павлодар мұнай-химия зауытына жаңа директор тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар мұнай-химия зауытына жаңа директор тағайындалды Фото "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі

Маждай Ахметов Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маждай Ахметов Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ шешімімен зауыттың бас директоры (басқарма төрағасы) қызметіне Маждай Ахметов тағайындалды.

Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов таныстырды.

Маждай Ахметов еңбек жолын 2010 жылы "ПМХЗ" ЖШС-де технологиялық қондырығылар операторы болып бастаған.

  • 2010-2013 жж. №3 технологиялық цехтың күкірт шикізатын абсорбациялау және газбен фракциялау қондырғысының 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы;
  • 2013-2016 жж. №3 технологиялық цехтың өндірісті дайындау жөніндегі инженері;
  • 2016-2017 жж. мұнайды бастапқы өңдеу кешенінің нафта сплиттері және изомерлеу қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы;
  • 2017 ж. қыркүйек - желтоқсан аралығында жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы;
  • 2017-2018 жж. жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені/мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының бастығы;
  • 2018-2019 жж. мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің операциялық үйлестірушісі;
  • 2019-2021 жж. мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі;
  • 2021-2022 жж. жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің бастығы;
  • 2022-2024 жж. өндіріс департаментінің техникалық бөлім бастығы - бас технолог;
  • 2024 ж. қазан - 2025 ж. қантар бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженердің міндетін атқарушы;
  • Бұл тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженер қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети