11 қаңтар 2022 17:50

Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Қазыханов Ержан Қазыханов

Аида Балаева мен Ержан Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аида Балаева мен Ержан Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • "Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалсын;
  • Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі, ал Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети