Президент Тоқаев бірнеше елдегі жаңа елшілерді тағайындады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Тоқаев бірнеше елдегі жаңа елшілерді тағайындады Еркебұлан Сәпиев, Асқар Тәжібаев, Уәлихан Төреханов, Андриан Елемесов. Фото: t.me/pressmfakz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша:

  • Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылған.

Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов те Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети