Президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі тағайындалды Сурет: gov.kz

Қайрат Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, 2006 жылы Дінмұхамед Қонаев атындағы университеттің заңтану мамандықтарын тәмәмдап, 2019 жылы Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети