QazaqGaz-дың бұрынғы басшысы энергетика вице-министрі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

QazaqGaz-дың бұрынғы басшысы энергетика вице-министрі болды Фото:gov.kz

Санжар Жаркешов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санжар Жаркешов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Санжар Серікбайұлы Жаркешов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Техас университетін (АҚШ) бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы "Мұнай және геожүйе инжинирия орталығында" зерттеуші инженер болып бастаған.

2010–2016 жылдары - Калифорния, Колорадо және Техас штаттарында (АҚШ), сондай-ақ Атырау облысында Exxon Mobil корпорациясының бұрғылау инженері, Иракта бұрғылау жөніндегі аға инженер, Ресей Федерациясында (Сахалин аралы) бас бұрғылау инженері, Атырау қаласындағы "Қашаған" жобасының мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында аға жобалау инженері.

2016–2018 жылдары - MERLIN ERD LTD компаниясының кәсіпшілік супервайзерлерінің басшысы және бұрғылау жөніндегі жетекші инженері.

2018–2019 жылдары - Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты, АҚШ және Ұлыбританиядағы жобаларда McKinsey and Company Лондон кеңсесінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы консультанты және жаһандық сарапшысы.

2019–2020 жылдары - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2020–2022 жылдары - "Нафтогаз УГВ" бас директорының геология және барлау жөніндегі орынбасары – Украина Нафтогаз "Барлау және Өндіру" дивизионы директорының орынбасары

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети