23 тамыз 2022 16:55

Руслан Данияров Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: МКК Фото: МКК

Руслан Данияров Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Руслан Данияров Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 23 тамызда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Руслан Данияровты Абай облысы әкіміне және Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына таныстырды", - делінген хабарламада.

Руслан Данияров 1972 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген. Экономист және заңгер мамандығы бойынша білім алған. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Еуразиялық нарық институтын бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 26 жыл. Еңбек жолын 1996 жылы Торғай ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети