Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясында қызметке тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясында қызметке тағайындалды Фото: Ақорда

Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Жаңа технологиялар және жоғары нәтижелер жөніндегі комиссиясының директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Жаңа технологиялар және жоғары нәтижелер жөніндегі комиссиясының директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Желдібай бұл қызметті қоса атқаратын болады. Айта кету керек, бұл – қоғамдық негіздегі жұмыс (яғни, еңбекақы қарастырылмаған).

Комиссия заманауи технологияларды енгізу, оларды спортшылардың, әлемдік дзюдо қауымдастығының мүддесіне сай тиімді әрі этикалық тұрғыда пайдалану мәселелерімен айналысады. Ерекше көңіл инновацияларға, ынтымақтастыққа және заман талабына сай тұрақты дамуға бөлінеді.

IJF өкілдері Руслан Желдібайдың тәжірибесі мен құзыреттілігі комиссия жұмысына елеулі үлес қосып, дзюдоны жаһандық қозғалыс ретінде ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Руслан Желдібай – 2025 жылғы 17 ақпаннан бері Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы. Бұған дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. 2023 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети