Сандуғаш Ерсейітова Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
Сандуғаш Ерсейітова Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
"ҚР әділет министрінің бұйрығымен Сандуғаш Әбдіразаққызы Ерсейітова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сандуғаш Ерсейітова 1977 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Қорғалжын ауданы Ауыл шаруашылығы басқармасының хатшы-машинисті болып бастаған.
1999 жылы Астана қаласы Әділет басқармасы Алматы аудандық сотының сот орындаушысы, 1999-2001 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау комитеті департаментінің сот орындаушысы.
2001-2002 жылдары - Астана қаласы Соттар әкімшісі сот орындаушысының м.а., сот орындаушысы.
2002-2007 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің бас маманы; бастығы.
2007-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті Азаматтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржы заңнамасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.
2008-2016 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары.
2016 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры болған.
Бұрын осы қызметте болған Бақыт Шалхарұлы Әбішев берген өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!