Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрымбет Сақтағанов Фото: gov.kz Нұрымбет Сақтағанов Фото: gov.kz

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа әкім Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Оңтүстік Қазақстан облысында 1970 жылы дүниеге келген. Бұрын әртүрлі лауазымдарды атқарған, соның ішінде ШҚО әкімінің орынбасары бар. Бұған дейінгі қызметі - ШҚО Ұлан ауданы әкімі. Нұрымбет Сақтағанов 2015 жылдың маусымынан бастап қаланы басқарған Ермак Сәлімовтің орнына тағайындалды.

Нұрымбет Сақтағанов Қызылорда педагогикалық институты, Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институттарын "мұғалім", "бухгалтер", "заңгер" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасында, кейін ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Нұрымбет Сақтағанов ҚР Парламентінде үкіметтің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, министр кеңесшісі болып жұмыс істеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2012 жылдың қазан айында Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылдың мамыр айынан бастап ШҚО Ұлан ауданының әкімі болды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі, Семей қаласының әкімі қызметін осы күнге дейін атқарған Ермек Сәлім ШҚО әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro