Семейдің жаңа әкімі белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейдің жаңа әкімі белгілі болды Фото:gov.kz

Аумақтық сайлау комиссиясы 12 қазанда өткен Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау қорытындыларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аумақтық сайлау комиссиясы 12 қазанда өткен Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау қорытындыларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ведомство мәліметінше, сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 220 761 азамат енгізілген, олардың 118 553-і дауыс берген. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2482, "Барлығына қарсымын" жолында белгісі бар – 4310.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  • Бекжасаров А.Қ. – 9763;
  • Қожанбаев Ә.Н. – 89441;
  • Төлеуов Қ.М. – 12 557.

"Абай облысы Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланды. Ол 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі, Абай облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында тұрады, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети