11 қараша 2021 10:38

Сенатта Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаттары Берік Нәжімеденовті Жоғарғы Сот судьясы қызметіне бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаттары Берік Нәжімеденовті Жоғарғы Сот судьясы қызметіне бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаев судьялыққа үміткерлікті қарау туралы ұсыныс айтты.

"Сіздің қарауыңызға Мемлекет басшысының Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне Берік Нәжімеденовті сайлау туралы ұсынысы енгізілді. Берік Төлеутайұлы мемлекеттік аудитті қаржылық бақылау саласында жұмыс тәжірибесі бар маман. Кейінгі бес жыл Қаржы министрлігінің саласында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік бақылау комитетін басқарады.

Жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Экономика және бизнес магистрі. Ол Жоғарғы Соттың сот практикасы мәселелері, экономикалық және қаржылық дауларды қарау жөніндегі нормативтік қаулыларын талқылау және әзірлеу кезінде Жоғарғы Сотпен адал ынтымақтасады. Ол Жоғарғы Соттың судьясы болуға лайық", - деді Бейбіт Исабаев Сенат отырысында.

Оның айтуынша, Жоғарғы сот кеңесі де Берік Нәжімеденовті Жоғарғы Сот судьясы лауазымына лайықты үміткер деп санайды.

Депутаттар Нәжімеденовке дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети