Серік Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Серік Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Серік Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеген.

2000 жылдан 2009 жылға дейін - жеке құрылымдарда.

2009-2010 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.

2010-2011 жылдары - Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

2013-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары - басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2019-2020 жылдары - "Бәйтерек" ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары - коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro