16 ақпан 2022 | 12:49

ШҚО-да қарамағындағы жемқордың кесірінен қызметінен кеткен аудан әкімі жаңа қызметке келді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Рахимжанова Тамара Рахимжанова

Былтыр қарашада қарамағындағы қызметкеріне пара алды деген айып тағылып, қызметінен кеткен Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданының экс-әкімі Тамара Рахымжанова жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Былтыр қарашада қарамағындағы қызметкеріне пара алды деген айып тағылып, қызметінен кеткен Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданының экс-әкімі Тамара Рахымжанова жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 2021 жылдың 19 қарашасында аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық сотының үкімі шыққан еді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін Рахымжанова қызметінен кеткен болатын.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

"Орынбасарларымның бірі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 60-бабына сәйкес, аудан әкімі қызметке тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң оның тікелей қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ол отставкаға кетеді", - деп жазады Тамара Рахымжанова.

Тамара Рахымжанова аудан әкімі лауазымында бірнеше ай ғана отырды, бұған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған.

Бүгін, 16 ақпанда Тамара Рахымжанова "Ертіс" ӘКК басшысы болғаны ресми түрде расталды.

Қаңтардың аяғында Глубоковский ауданының әкімі болып бұған дейін "Ертіс" ӘКК-ні басқарған 34 жастағы Эльдар Тұмашинов тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети