“СҚ-Фармация“ төңірегіндегі даудан кейін басшылығы ауысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“СҚ-Фармация“ төңірегіндегі даудан кейін басшылығы ауысты Нурлыбек Асылбеков. Фото:gov.kz

"СҚ-Фармация" ЖШС-ға жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Нұрлыбек Асылбеков кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СҚ-Фармация" ЖШС-ға жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Нұрлыбек Асылбеков кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Нұрлыбек Асылбеков бұл қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі "СҚ-Фармация" ЖШС-нің бұған дейінгі басшысы Еркен Жақатай жұмыстан шығарылғанын хабарлаған жоқ. Алайда ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кейбір мәліметтер бойынша Еркен Жақатай басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

"СҚ-Фармация" ЖШС - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберіндегі дәрілер мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы. Компания елдегі медициналық мекемелер үшін дәрі-дәрмектерді сатып алады, сақтайды және тасымалдайды.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қылмыс белгілері барын айтып, "СҚ-Фармация" басшылары жай ғана жұмыстан босатылғанына күмән келтірді. Депутат арыз жазуға уәде беріп, оларды Антикор, ҚМА және Бас прокуратураға тапсыруды талап етті.

Кеше ол "СҚ-Фармация" ЖШС, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы, Бірыңғай дистрибьютор және еліміздегі фармацевтикалық компаниялардың қызметіне қатысты Бас прокуратураға арыз түсірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети