Сот әкімшілігінде тағайындаулар болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот әкімшілігінде тағайындаулар болды Фотоколлаж Tengrinews.kz

Жоғарғы сотта жаңа орган құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сотта жаңа орган құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті жаңа мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі болып қайта құрылды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілген сот реформасы тек сот жүйесі мен сот төрелігін жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар сот әкімшілігіне де әсер етті. Сот әкімшілігі уәкілетті орган ретінде сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды дербес жүзеге асырады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңа органның трансформациясы материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы сот төрағаларының судьяларға ықпалын азайтатыны атап өтілді. Соттардың жергілікті атқарушы органдарға тәуелділігін жою, сот төрелігін жүзеге асыруды сот әкімшілігінен шектеу, уәкілетті органның үйлестіруші рөлін күшейту.

Наиль Ахметзакиров Сот әкімшілігінің ұжымына өзінің бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесовті, орынбасарлары Елдос Жұмақсановты, Асылбек Мүсірәліновті және Жантемір Шәкиевті таныстырды. Оларды Президент Әкімшілігінің келісімімен Жоғарғы Соттың төрағасы тағайындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети