Табиғи монополияларды реттеу комитеті басшысының орынбасары тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Табиғи монополияларды реттеу комитеті басшысының орынбасары тағайындалды Фото: gov.kz

Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қосымбаев Тимур Ернатұлы Президенттік кадрлық резервінің өкілі Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қосымбаев Тимур Ернатұлы 1989 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Лестер (Ұлыбритания) университетінде білім алған. Бухгалтерлік есеп және қаржы магистрі.

2011-2019 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімнің бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети