18 тамыз 2022 10:52

Талғат Қозбеков Жетісу облысы бойынша МКД басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Қозбеков Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талғат Қозбеков Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғат Қозбеков 1976 жылы 23 қыркүйекте Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Экономист-маркетолог" мамандығы бойынша және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Салық комитетінің Панфилов ауданы бойынша Салықтық тексеру басқармасының салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары басқарма бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2022 жылдың наурызынан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети