Талғат Малыбаев Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Малыбаев Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы болды

Талғат Малыбаев Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Малыбаев Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Көлік" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы Қарағандыдағы "Агро-Консалтинг-К" АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының "Алматы жылу желілері" ЖШС-де, Алматы облысының "Жетісу" ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызметтер атқарды.

Тағайындалғанға дейін "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының басшысы болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети