Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды gov.kz

Ораз Тәуірбеков Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ораз Тәуірбеков Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Теміртау қаласының әкімі болып бұған дейін Балқаш қаласын басқарған Ораз Қайсайұлы Тәуірбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар үміткерді бірауыздан мақұлдады.

Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Жеңіс Қасымбек оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Жеңіс Қасымбек жаңадан тағайындалған әкімнің алдына бірқатар міндеттер қойды.

"Қаланың тұрақты жылумен қамтылуы тұрғындарды қатты алаңдатады. Жаңа № 7 қазандықты орнату мәселесін ерекше бақылауда ұстаңыз. Жылыту маусымының дайындығы мен өтуі ерекше бақылауда", – деп атап өтті өңір басшысы.

Ораз Тәуірбеков мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Салық қызметі органдарында жұмыс істеген. Онда инспектордан басшыға дейінгі мансап жолын өткен. Қарағанды Салық комитетін басқарды, кейін Қарағанды облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Павлодар облысында, Астанада басшы болды.

ҚР көлік, коммуникация және туризм министрлігінің "Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.

Ірі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болды. Қарағанды облысының экономика басқармасын басқарды. 2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Балқаш қаласының әкімі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети