Теміртаудың бұрынғы әкімі жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудың бұрынғы әкімі жаңа қызметке келді Ораз Таурбеков. Фото:gov.kz

Теміртаудың бұрынғы әкімі Ораз Таурбеков Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудың бұрынғы әкімі Ораз Таурбеков Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа тағайындау туралы Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құсайын Ерлан Бейсембайұлы басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Таурбеков Ораз Қайсайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ораз Таурбеков әкімнің орынбасары ретінде денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін қадағалайтыны хабарланды.

Еске салайық, Ораз Таурбеков 2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Теміртау әкімі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети