Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды Рауан Жұмабек, Барлыбай Садықов, Еркебулан Сапиев, Жалғас Әділбаев. Фото: t.me/pressmfakz

Президент бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети